Таллинде Димаш Құдайбергенге арналған ескерткіш белгі қойылды

Бұл туралы Қазақстанның Эстониядағы елшілігі Facebook-те хабарлады.

24 мамырда Қазақстанның Эстониядағы елшісі Нұрлан Сейтімов Таллиндегі Кадриорг саябағында Димаш Құдайбергенге арналған ескерткіш белгіні салтанатты жағдайда ашып берді. Белгі әншінің құрметіне егілген ағаштың жанына қойылған.

Димашқа арналған ескерткіш
Фото: Карл Альфред Бау/ҚР Эстониядағы елшілігі
Димашқа арналған ескерткіш
Фото: Карл Альфред Бау/ҚР Эстониядағы елшілігі

Акцияны Dimash Estonian Dears фан-клубының мүшелері ұйымдастырған. Олар бір күні өздерінің сүйікті әншісі 300 жыл тарихы бар осы саябақта ән салады деп үміттенеді. Қазір Dimash Estonian Dears фан-клубына 500-ден астам адам мүше.

Димаш Құдайберген 24 мамырда 26-ға толды. Оның фанаттары дүниежүзінің түкпір-түкпірінде бар.