Ел азаматтарының көлік салығы бойынша қарызы 30 миллиард теңгеден асты

26,8 миллиард теңге — қарыздың негізгі сомасы, ал қалған 3,8 миллиард теңгесі — өсімпұл.

Алматы қарыз көлемі бойынша көш басында тұр. Мегаполис тұрғындары көлік салығы бойынша 6,1 миллиард теңге қарыз. Одан кейін Алматы облысы. Бұл өңірдегі автокөлік иелері 4,8 миллиард теңге көлемінде салық төлемеген.

Нұр-Сұлтан қарыз мөлшері бойынша алғашқы үштікте. Астанадағы автокөлік жүргізушілерінің мемлекетке 3 миллиард теңгеге жуық қарызы бар.

Борышкерлер саны бойынша антирейтингіні Алматы облысы бастап тұр. Мұнда 165 мыңнан астам адам салық міндеттемелерін орындамаған. Екінші орында — Алматы. Онда борышкерлер саны 107 мыңнан асады. Топ-3-ке Түркістан облысы да кіреді — 104 мың адам, — делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексіне сәйкес, салық төлеу уақыты аяқталғаннан кейінгі мерзімі өткен әр күн үшін өсімпұл есептелетінін ескертті.

Салық төлеу үшін мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ. е-Salyq Azamat мобайл қолданбасын орнатып, салық бойынша қарыз көлемін біліп, онлайн төлеуге болады. Қазақстандықтар сонымен бірге екінші деңгейлі банк қолданбаларын да пайдалана алады.