Басты бетМедицинаАлексей Цой:...

Алексей Цой: Вакцина салдырғандардан ПТР-тест талап етілмейді

Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Коронавирусқа қарсы вакцина алатын адамдар санының біртіндеп өсуіне байланысты коронавирустық инфекцияға қарсы егудің толық курсынан өткен адамдарға қатысты бірқатар шектеу алынып тасталды, — деді министр.

Атап айтқанда, вакцинацияның толық курсынан өткен соң, вахталық жұмысшылар, медицина қызметкерлері еңбек демалысынан немесе ауырып жұмысқа шыққан кезде олардан ешқандай ПТР-тест талап етілмейді.

Сонымен бірге ауруханаға жатқызудың кез келген түріне ПТР-тесті қажет емес. Ал ауырғандармен байланыста болғандар оларды оқшаулау жоспарланбайды.

Бірақ Алексей Цойдың айтуынша, медициналық бақылау жасалады.

ДереккөзBaq.kz