2021 жылғы ораза кестесі: ауыз бекіту және ауызашар уақыты

Иллюстрация: Dribbble.com/©Luq_ha

Сәуір айының басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Рамазан айындағы ораза және намаз кестесін жария етті. Baribar.kz 5 сәуірде өңірлердегі ауыз бекіту және ауызашар уақытын жинап, жариялаған еді. Бұл — сәуірде ең көп оқылған материал.

Gazhaiyp жобасы: БАҚ бала туралы көбіне негатив ақпарат таратады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Наргиза Ерес пен Қуаныш Жұбандықов — Gazhaiyp жобасының авторлары. Бұл жоба баланың тұлға екенін, индивид ретінде жеке пікірі бар екенін көрсетуді, олардың құқығына қатысты ақпарат таратуды мақсат етеді.

Baribar.kz тілшісі авторлармен кездесіп, жоба немен айналысатыны, Қазақстан медиасындағы бала образы, қоғам бала құқығының тапталмауына қалай көмектесе алатыны туралы әңгімелесті.

Ауызашар, пітір садақа. Пандемияға тура келген екінші ораза қалай өтеді?

Ораза және медицина
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Биыл да мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы коронавирус пандемиясына тура келді. Осыған байланысты бірнеше сұрақ пайда болды. Ораза ұстауға ниеттенген азаматтардың бірқатар сұрағына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жауап берді. Бұл — сәуірде ең көп оқылған топ-3 материалға кірді.

Қазақстанға әкелінетін қытай вакцинасы туралы не білеміз?

Sinovac вакцинасы

Наурыз айында Қазақстанға Қытай шығарған Sinovac вакцинасының 3 миллион дозасы жеткізілетіні туралы ақпарат тарады. Baribar.kz тілшісі осы туралы материал жазды. Мақала вакцинаның тиімділігі қандай, қандай да бір кесірі бар ма деген сұрақтарға жауап берілді.

Тест: Қазақстанның ғарыш саласын жақсы білесіз бе?

Ғарышкер
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

2021 жылы адамзат алғаш ғарышқа ұшқанына 60 жыл толды. 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин ғарышқа қазіргі Қазақстан аумағындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшты. Baribar.kz ғарыш саласы және «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы тест тайындады. Бұл материал ең көп оқылған 5 материалға кірді.