Қазақстанда ғарыш айлағына қарсы қозғалыс бар. Ол қалай аталады?
Қазақстанда ғарыш айлағына қарсы қозғалыс "Антигептил" деп аталады. Гептил - ракета отынының адамға өте қауіпті құрамдас бөлігі, оның рұқсат етілген концентрациясы өте төмен. "Антигептил" өкілдері наразылық акцияларын өткізіп тұрады.
Адамзаттың ғарышқа ұшқанына 60 жыл толғанын Байқоңыр ғарыш айлағы қалай атап өтті?
Ғарышкерлер күні қарсаңында және планетаның алғашқы ғарышкері Юрий Гагариннің ұшқанына 60 жыл толғанына орай, Ресейдің "Ю.А.Гагарин" ("Союз МС-18") ғарыш кемесі Байқоңырдан 2021 жылғы 9 сәуірде ұшырылды. "Гагарин" ғарышқа Олег Новицкий және Петр Дубров сияқты ресейлік ғарышкерлерді және америкалық Марк Ванде Хайды апарды.
Талғат Мұсабаев ғарышқа неше рет ұшты және Гиннес рекордтар кітабына не үшін енді?
Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994, 1998 және 2001 жылдары үш рет ұшты. Сапары бірінші рет 125 күнге, екінші жолы 207 күнге, соңғысында жеті күнге созылды. Жалпы алғанда 341 күн ғарышта болып, Гиннес рекордтар кітабына енді.
Байқоңырдан алғаш рет әйел ғарышкер жалғыз өзі көтеріліп, ғарышта екі күн болды. Ол кім?
1963 жылғы 16 маусымда "Восток-6" кемесімен ғарышқа алғаш рет әйел адам ұшты. Ол Валентина Терешкова еді. Ұшар алдында ғарышкер "Эй, небо, сними шляпу!" деген өлеңнің үзіндісін оқыды. Валентина Терешкова анасына ғарыш айлағында не қызмет істеп жүргенін айтпаған. Алдын-ала 10 хат жазып қояды, олар анасына біртіндеп жіберіліп отырады. Сол хаттың бірін оқып отырғанда көршісі жүгіріп келіп: "Қызың ғарышқа ұшты", - деп, хабар жеткізіпті.
Айдын Айымбет – ғарышқа ұшқан Қазақстанның тұңғыш азаматы. Ол 2015 жылғы 2 қыркүйекте ғарышқа ұшты. Ол кемеде қандай қызмет атқарды?
Айдын Айымбет екінші бортинженер болды. Ол ғарыштың адамға радциация әсерін зерттеді. Оған қоса Арал мен Каспий теңіздері экологиясының ғарыштағы мониторингісін жасады. Бірге ұшқан ғарышкерлер тобы "Дастархан-6" экспериментін жүргізді. Ол бойынша салмақсыздық кезінде қазақтың ұлттық тағамдары адам организміне қалай әсер ететіні зерттелді.
Ресей Байқоңыр ғарыш айлағын Қазақстаннан жалға алып отыр. Жалға алу уақыты қашан бітеді?
Ресей келісімшарт бойынша Байқоңырды 2050 жылға дейін жалға алады. Бұл үшін Қазақстанға жылына 115 миллион доллар төлейді.
Байқоңыр ғарыш айлағы халықаралық спутник анықтамалықтарында қалай жазылады?
Ғарыш айлағы Төретам деген ауылға, темір станциясына жақын орналасқандықтан "Tyuratam Missile and Space Complex" (TTMTR), яғни Төретам деп аталады.
Ғарышқа барып-қайтқан Тоқтар Әубәкіровке не себепті Кеңес Одағы Батыры атағы берілмеді?
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшпай тұрып, Кеңес Одағы Батыры атағын алған еді. 1989 жылы 1 қарашада ол Ресей авиациясы тарихында бірінші болып ауыр ұшақ таситын "Тбилиси" крейсерінің палубасынан истребительді (МиГ-29К) ұшырды. Бұл атақ осы ерлігі үшін берілді. Демек бұған дейін бұл атақты алып қойған. Сондықтан Жерге оралғанда оған Октябрь Революциясы ордені берілді. Негізі кеудесіне "Алтын жұлдызды" тағуға болар еді, бірақ ол сыйлық 1988 жылдан бастап берілмейтін болған-ды.
1995 жылы қала атауы Байқоңыр деп өзгертілді. Бұрын қалай аталған еді?
1955 жылғы 2 маусымда ресми түрде Байқоңыр ғарыш айлағы ашылды. Ғарышқа ұшу аймағы ретінде не себепті Байқоңыр таңдалды?
Әлеуметтік желіде бөлісу: