WhatsApp-та жіберілген хабарламаны қайтарып алуға болады

Қолданушылар WhatsApp мессенджерінің жаңа нұсқаларында абайсызда немесе қателесіп жіберілген хабарламаларды өшіріп тастай алады.

WABetaInfo Twitter-шағын блогының мәліметінше, iOS арналған WhatsApp-тың бета-нұсқасында жіберілген хабарламаны өңдеп, түзетуге (Edit) немесе қайтарып алуға (Revoke) мүмкіндік пайда болды.

Бұған дейін де WhatsApp-тағы жазбаларды жоюға болатын, бірақ хабарламалар сол құрылғыда ғана өшіп, чаттың қалған қатысушыларында сақталып қалатын.

Бір айта кетерлігі, мұндай өзгеріс мессенджердің қарапайым нұсқасы үшін қашан қолжетімді болатыны әзірге белгісіз.

ДереккөзBaq.kz