Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаны қанша адам салдырды?

23 сәуірдегі дерек бойынша елімізде 823 498 адам вакцина салдырды. Олардың 132 603-і вакцинаның екі компонентін де алды, – делінген хабарламада.

Вакцинация бойынша Алматы (162 635) мен Алматы облысы (111 831) көш бастап тұр. Ең төмен нәтиже Мағыстау облысында. Өңірде 17 059 адам коронавирусқа қарсы екпенің бір компонентін салдырған.

Айта кетейік, Қазақстанда жаппай вакцинация 1 ақпан күні басталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияны тоқтату үшін елімізде 6 миллион адам екпе салдыруы керек екенін айтты. Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, сәуір, мамыр, маусымда ай сайын 2 миллион адамға вакцина егіледі. Ал Денсаулық сақтау министрлігі сәуір айында 1 миллион қазақстандықтың вакцина алатынын мәлімдеген еді.

Тағы оқыңыз:

Вакцинация туралы кең таралған 9 сұрақтың жауабы