Берік Уәли вакцина салдырды

Бұл туралы Telegram-дағы ГалСТУК каналы хабарлады.

Онда «Пресс-секретарь Главы Государства Берик Уали получил первую дозу вакцины «Спутник», — деп жазылған.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли осы жазбаның скриншотын Instagram-парақшасына салды.

Берік Уәли скриншотты «Ем болсын!» деген жазбамен жариялады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Berik UALI (@berikuali)

Айта кетейік, Берік Уәли 5 сәуірде «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында президент те, өзі де коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдыратынын айтқан еді.

6 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаев «Спутник V» вакцинасын салғызды.

Осыдан кейін президенттің баспасөз хатшысы Facebook-парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жолы қазақстандық QazVac вакцинасын салдыратынын жазды.

Қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін мемлекет басшысы Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр. Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті, — деді ол.