Елімізде 680 мыңға жуық адам COVID-19-ға қарсы вакцина салғызды

18 сәуірдегі дерек бойынша елімізде 679 709 адам вакцина салдырды. Олардың 118 517-і вакцинаның екі компонентін де алды, – делінген хабарламада.

Вакцинация бойынша Алматы көш бастап тұр. Қалада коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін 131 631 адам салдырған.

Айта кетейік, Қазақстанда жаппай вакцинация 1 ақпан күні басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияны тоқтату үшін елімізде 6 миллион адам екпе салдыруы керек екенін айтты. Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, сәуір, мамыр, маусымда ай сайын 2 миллион адамға вакцина егіледі. Ал Денсаулық сақтау министрлігі сәуір айында 1 миллион қазақстандықтың вакцина алатынын мәлімдеген еді.

Тағы оқыңыз:

Вакцинация туралы кең таралған 9 сұрақтың жауабы