Жаңбыр, тұман, шаңды дауыл: 15-17 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжауына қарағанда, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Кең антициклонның Қазақстанға әсері аяқталып, Батыс Сібірге қарай ығысады. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындарды өтіп, тұрақсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Аптаның соңында солтүстік өңірлерде температуралық фон төмендейді. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұның алдында 13-15 сәуір күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтерілетінін хабарлаған едік.