Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасында инженерлік құрылымды жаңарту мен нығайтудың маңызын айтты.
Мұзтау ықшамауданында тарату желілері салынып отыр. Биыл үйлерді сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қосуға кірісеміз. Өрт сөндіру депосы мен бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің құрылыс алаңдарында болдым, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Алматы әкімі қайта жөндеуден өткен және қосымша орындары бар №54 мектепте де болды.
Қала тұрғындары жұмыспен қамту, тұрғын үй және т.б. саладағы 50 түрлі мәселесге қатысты «бір терезе» қағидаты бойынша кеңес ала алатын Әлеуметтік қызмет көрсету үйінің жұмысы аяқталуға жақын.
Айта кетейік, Алатау ауданында 14 кортқа арналған жаңа теннис орталығы мен жабық шағын футбол алаңы, үстел теннисі бар орталығының, сонымен бірге Алғабастағы 12 мың адамға арналған мешіттің құрылысы жалғасып жатыр. Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы велотректі жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды.
Сонымен бірге Бақытжан Сағынтаев құрылыс сапасын бақылауды күшейтуді, көше кеңістігін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды. Алматы әкімі Төле би көшесіндегі жолдардың жөнделуі ерекше бақылауда екенін жазды.