Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми зерттеулерді қолдау туралы айтты

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парағында жазды.

Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор. Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет, —  деді президент.

Бүгін геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Ол 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.