Бұл шара 19-22 желтоқсан аралығында өтеді.
«Түркия халқы атынан қазақ халқына, Түрік әлемінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор құрметімізді, сәлемімізді жеткізгім келеді. Түпкі отанымыз Қазақстанды Тәуелсіздіктің 25 жылдық тойымен құттықтаймын! Қиямет күніне дейін егемен ел болуларыңызды тілеймін! Астанада бір апта бойы көрсетілетін фильмдер екі бауырлас елдердің арасындағы достық пен ынтымақтастықтың артуына ықпал етеді деп сенемін. Киносүйер қауымның баршасын шақырамын,» — деді арнайы брифингте Түркия Республикасы Президентінің кеңесшісі Ялчын Топчы.
Ол алдағы уақытта Анкарада Қазақстан фильмдерінің апталығынан үлкен үміт күтетінін жеткізді.
Түркияның үздік фильмдері елордадағы «Керуен» сауда орталығындағы «Кинопаркте» көрсетілетінін айта кетейік.