Қазақстанда балық аулауға тыйым салынды

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл шаралар өте маңызды, әйтпесе, кейбір балық түрінің популяциясы едәуір азайып немесе мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Мұндайға жол бермеу үшін су бассейндерінде балық аулау зиян тигізуі мүмкін нақты күндер анықталады, — делінген хабарламада.

  • Арал-Сырдария бассейні бойынша Шардара су қоймасы су айлағынан 1 сәуір мен 20 мамыр аралығында;
  • Түркістан облысы шегіндегі су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 15 сәуір мен 31 мамырды қоса алғандағы аралықта;
  • Балқаш-Алакөл бассейні бойынша Балқаш көлінде 15 сәуір мен 1 маусым аралығында;
  • Қапшағай су қоймасында және оған құятын барлық өзендер мен ағын суларда 5 сәуір мен 20 мамыр аралығында балық аулауға;
  • Ертіс бассейні, Қарақастаннан бастап бірінші Батин шоқысына дейін Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында;
  • Бұқтырма су қоймасының терең су бөлігінде бірінші Батин шоқысының басынан бастап ағысты бойлап төмен қарай Бұқтырма ГЭС-не дейін 1 мамыр мен 15 маусым аралығында;
  • Есіл бассейнінің су айдындарында шортан, аққайран және көксерке аулауға (аулауға, жинауға, дайындауға) 15 сәуірден 15 мамырға дейін, сазан (тұқы) 20 мамырдан 20 маусымға дейін, гаммарус 1 тамыздан 14 қыркүйекке дейін;
  • Нұра-Сарысу бассейнінде 20 сәуірден 20 мамырға дейін көксерке, 1 мамырдан 30 маусымға дейін сазан (тұқы) аулауға;
  • Тобыл-Торғай бассейні шеңберінде Қостанай облысының Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелдин аудандарының су айдындарында 20 наурыздан бастап 20 сәуірге дейін шортан, сазан (тұқы), табан, лай, көксерке аулауға 20 сәуірден бастап 30 мамырға дейін;
  • Жайық-Каспий бассейні мен Қиғаш өзені бойынша 25 мамырдан бастап 31 тамызға дейін Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік бөлігінің су айдынында, 1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін Жайық және Қиғаш өзендерінің қосалқы су айдындарында балық аулауға;
  • 1 наурыз бен 1 шілде аралығында Шу-Талас бассейнінің Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның салаларында балық аулауға тыйым салынады.

Әрбір су бассейнінде балық аулауға тыйым салулар мен шектеулер туралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша білуге болады.