«Отбасы банкі» клиенттеріне алаяқтардан сақ болуды ескертті

«Отбасы банкі» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кейбір банк салымшысына таныс емес телефон нөмірлерден хабарласып, өздерін Отбасы банкінің қызметері ретінде таныстырған. Салымшыға шот нөмірін айтуды немесе қаражат аударымдары туралы сұрақтарар қойып, байланысқа шықпаса шоттың бұғатталатыны туралы хабарлама жолдаған.

«Отбасы банкінің» қызметкерлері клиенттерге жеке шот деректемелері немесе шот нөмірлерін анықтау мақсатында телефонпен хабарласпайды. Клиенттердің шоттарына қатысты барлық дерек банктің ақпараттық жүйесінде бар, — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, банк салымшыларына тек мына нөмірлерден хабарласуы мүмкін:

8 705 925 13 00
8 705 925 13 01
8 705 925 13 02
8 705 925 13 03
8 705 925 13 04

WhatsApp бот — Қуаныштың нөмірі — 8 705 925 13 00

Құрметті салымшылар, абай болыңыздар, өзіңіздің жеке деректемелеріңізді телефон арқылы белгісіз тұлғаларға хабарламаңыз, — деді «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Отбасы банк г.Нур-Султан (@otbasybank_nursultan)