Алматыда метроның барлық станциясында Wі-Fі іске қосылды

Бұл туралы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Wі-Fі-ға қосылу үшін METRO желісін таңдайсыз. Кейін Wі-Fі пайдаланушыны сәйкестендіру парағына автомат түрде бағыттайды. Одан кейін сіз ашылатын өріске телефон нөміріңізді енгізіп, байланысты растауыңыз керек. Қала метрополитенінде ақысыз Wi-Fi-ға қолжетімдік біздің жолаушылар үшін жақсы сыйлық болды, — делінген хабарламада.