Алматы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин COVID-19 мутацияланған штамдарына байланысты қаладағы эпидемиология жағдайын ескерек отырып, қаулы етті.

Жаңа қаулы бойынша студенттер мен оқушылар оқу жылының соңына дейін қашықтан оқиды.

Сауда орталықтары, сауда үйлері жұмыс күндері ашық болады, демалыс күндері жұмыс істемейді.

Жұмыс күндері азық-түлік сатылмайтын жабық базарлардың да қызметіне рұқсат берілді. Ашық базарлар мен азық-түлік сатылатын жабық базарлардың қызметіне жұмыс күндері және сенбіде рұқсат етіледі.

Қаулы 3 сәуірден бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.