Алматыда карантин шектеулері ұзартылды

«2021 жылдың 21 — 28 наурызы аралығында Алматы каласында коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі ic-шараларды кушейту туралы» Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 20.03.2021 ж. №11 каулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Оның қолданылуы эпидемиология жағдайы тұрақталғанға дейін биылғы жылдың 12 сәуірін қоса алғанға дейін созылады:

  1. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен ЖОО мен техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілсін.
  2. Ата-аналарының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11-кластарда 15 адамға дейінгі балалары бар кезекші топтардың жұмысына рұқсат етілсін.
  3. Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мешіттердің, шіркеулердің және басқа да діни орындардың жұмысындағы шектеулердің сақталуына күнделікті мониторинг жүргізсін.
  4. Құдайға жеке құлшылық етуге және дұға етуге рұқсат ету (намаз оқитын бөлмелерде және рәсімдер жасауға арналған бөлмелерде (неке, шомылдыру рәсімі) және т.б. келушілер арасында кемінде 1,5 метр және дін өкілдерімен келушілер арасында кемінде 2,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау белгілері орналастырылады.
  5. Құдайға ұжымдық құлшылық етуге тыйым салу (жұма және бес уақыт намаздары, жиналыстар, жексенбі күндері және басқа да ұжымдық сипаттағы рәсімдер).
  6. Қасиетті Рамазан айы кезінде бір отбасы мүшелері арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салу.
  7. Жерлеу рәсімдерін 10 адамнан аспайтын жақын туыстары қатысуымен өткізу (қайтыс болған адамдардың туыстарына және ресми дін қызметкерлері өкілдеріне мүмкіндігінше ауруханалар (басқа медицина ұйымдары) жағдайында «мәйітті жууды» және қайтыс болған адамды «сырттай жерлеурді» жүргізу, сондай-ақ егде адамдардың жерлеу рәсіміне қатысуын шектеу ұсынылады).
  8. Діни объектілердің басшылары діни қызмет етушілерді маскамен және қолғап қорымен қамтамасыз етсін, жамағатпен жеке қауіпсіздік қағидаларын сақтау жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
  9. Тұрғынүй саясаты басқармасы жүргізілетін профилактикалық дезинфекцияға қосымша қала саябақтары мен көшелерінде (орындықтар, бакноматтар, паркоматтар, төлем терминалдары) шағын сәулет нысандарын дезинфекциялауды қамтамасыз етсін.
  10. 20.03.2021 жылғы №11 қаулыдағы №1 қосымша осы қаулыдағы №1 қосымшадағы өзгерістер мен толықтыруларға сай редакциялансын.

Қаулы 2021 жылдың 29 наурызынан бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.