Басты бетЖаңалықтарМағзұм Мырзағалиев...

Мағзұм Мырзағалиев «Жер сағаты» акциясына қатысуға шақырды

Бұл күні 180 елдің миллиондаған тұрғыны жарық пен электр құрылғыларын 1 сағат сөндіреді.

Акцияның негізгі мақсаты – адамзатты табиғатқа жанашырлық танытуға, ғаламшар климаты мен оның шектеулі ресурстарын сақтау үшін шаралар қабылдауға шақыру. Қазақстанда «Жер сағаты» акциясы жыл өткен сайын танымал болып келеді.

Министрдің айтуынша, бұрын бұл науқанды тек ірі қалалар қолдаса, кейінгі 2 жыл қатарынан барлық өңірлер қосылып жатыр. Биыл Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры «Жер сағаты» акциясын экологиялық ашықтық тақырыбына арнады.

Экологиялық проблемаларға бей-жай қарамайтын барлық азаматты осы әлемдік науқанға қатысуға шақырамын. Жергілікті уақыт бойынша 20:30-да бір сағатқа жарықты сөндіру керек. Бұл бар ғаламның экологияны қорғау мен сақтау жолында бірігуіне зор серпін береді деп сенемін, — деп жазды Мағзұм Мырзағалиев.