Коронавирустың таралуы бойынша төрт өңір “қызыл” аймақта

Нұр-Сұлтан, Алматы мен Атырау, Батыс Қазақстан облыстары коронавирус бойынша «қызыл» аймақта. Бұл өңірлерде карантин шектеулері қатаң сақталуға тиіс.

Ал «сары» аймақта Ақтөбе, Қарағанды және Алматы облыстары бар.

Қалған өңірлері «жасыл» аймақта. Мұнда коронавирус бойынша ахуал тұрақты, шектеу шараларын босаңсытуға болады.

Айта кетейік, Қазақстанда кеше, 24 наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 105 жағдай тіркелді, 835 адам жазылып шықты. 23 наурыздың қорытындысы бойынша 11 пациент қайтыс болды.