Көкшетауға жаңа әкім тағайындалды

Көкшетаудың жаңа әкімін қала активіне Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаев таныстырды.

Ақмола облысы әкімінің өкімімен президенті әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Көкшетау қаласының әкімі болып Ғайса Бауыржан Сейтқалиұлы тағайындалды, — делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бауыржан Ғайса 1972 жылы дүниеге келген. Челябинск мемлекеттік аграрлық университетін, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Польшаның Кутне қаласындағы мемлекеттік жоғары экономикалық мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994-2013 жылдары жекеменшік саладан бастаған.

2013-2014 жылдары Nur Otan партиясының Көкшетау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған.

2014-2016 жылдары Nur Otan партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2016-2018 жылдары Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы болды.

2018-2019 жылдары Қорғалжың ауданы әкімі, Ақмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Зеренді ауданының әкімі лауазымында болды.

Бұған дейін Ақмола Көшетау қаласының әкімі қызметін Амангелді Смайылов атқарды.

ДереккөзҚазАқпарат