Басты бет / Жаңалықтар /
Ақорда
Фото: Аkorda.kz

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясын шақырды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 28 наурыз күні Нұр-Сұлтандағы Назарбаев орталығында өтеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 2021 жылғы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен шақырылсын», — делінген құжатта.

Сонымен бірге президент Үкіметке Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok