Ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты:
- аға лейтенант Досжан Баймұратов, 43 жаста,
- сержант Евгений Васильков, 34 жаста,
- лейтенант Мұхтар Сағынбаев, 26 жаста,
- майор Ғабит Барлықбаев, 34 жаста.
Бұған дейін Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұшақ бортында болған төрт адам қаза тапқанын, екеуі зардап шеккенін мәлімдеген еді.
Зардап шеккен екі адам да жансақтау бөлімінде жатыр.
1987 жылы туған адам сол жақ санының ашық сынуы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, 1996 жылы туған адам ашық бас сүйек-ми жарақаты, қол саусақтарының сынуы, 2-3 дәрежелі дене күйігімен Алматыдағы 4 ҚКБ жансақтау бөлімінде жатыр.
Жағдайлары өте ауыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін бар күшті салып жатыр. Барлық кадр, оның ішінде, қаланың бас реаниматологы жұмылды, — деді ведомство өкілі.
13 наурызда Алматы әуежайының маңында ҰҚК авиациялық қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшырады.