Киевтен Алматыға жаңа әуе рейсі ашылады

Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kaztengritravel.kz порталы хабарлады.

Әуекомпанияның мәліметінше, рейс Киевтен Алматыға жұма күндері, ал кері бағытта сенбі күндері орындалады. Жолаушыларды Boeing 737-800 NG ұшағы тасымалдайды.

Алматыға рейс билеті 5 012 гривен (75 660 теңге), ал Киевке — 4 906 гривен (74 060 теңге) тұрады. Economy Basic тарифімен өлшемі 55х40х20 сантиметрден аспайтын, тоғыз килограмға дейін қол жүгін бортқа тегін алуға болады.

Екінші қолжүгі үшін ақыны билетті онлайн сатып алғанда 12 доллар (5 052 теңге) немесе әуежайда сатып алғанда 25 доллар (10 525 теңге) төлеуге тура келеді.