«Алыс жолға шықпаңыздар». Қазақстанның сегіз өңірінде жолдар жабылды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомиобиль жолдары комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

5 наурыз сағат 9.00-дегі жағдай бойынша Ақмола, Алматы, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында жол учаскелері жабылды. Осы ретте төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында және өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін алыс сапарлардан бас тартуға кеңес береміз, — делінген хабарламада.

Республикалық маңызы бар жолдардағы жағдай туралы шұғыл ақпаратты біліп отыру үшін «Қазавтожол» ұлттық компаниясының сайтына, министрліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына немесе 1403 нөміріне хабарласу керек.

Барынша сақ болып, алыс жолға шықпаңыздар! Абай болыңыздар!, — деді комитет өкілі.

Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың келесідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді:

Ақмола облысында:

  • 03.03.2021 ж. сағат 16.00  «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында, атап айтқанда Қостанай облысының шекарасы мен Бұзылық ауылының аралығындағы учаске.
  • 04.03.2021 ж. сағат 11.00 «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырымында, атап айтқанда Нұр-Сұлтан- қаласы мен Павлодар облысының шекарасы аралығындағы учаске.
  • 04.03.2021 ж. сағат 11.00 «Екатеринбург-Алматы» автожолының  995-1247 шақырымында, атап айтқанда Атбасар мен Нұр-Сұлтан қалаларының аралығындағы учаске.
  • 04.03.2021 ж. сағат 12.00  «Щучинск-Зеренді» автожолының 0-80 шақырымында, атап айтқанда Щучинск қаласы мен Зеренді ауылының аралығындағы учаске.
  • «Нұр-Сұлтан-Қоргалжын» автожолының 19-180 шақырымында, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласы мен Қорғалжын қорығының аралығындағы учаске.

Ақтөбе облысында жүк және қоғамдық көліктер үшін:

  • «Самара-Шымкент» автожолының 776-836 шақырымында, атап айтқанда  Белогорка ауылы мен Хромтау қаласының аралығындағы учаске.
  • «Самара-Шымкент»  автожолының 836-965 шақырымында, атап айтқанда  Хромтау қаласы мен Қарабұтақ ауылының аралығындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді.
  • «Самара-Шымкент» автожолының 526-615 шақырымында, атап айтқанда  Батыс Қазақстан облысының шекарасы мен Қобда ауылының аралығындағы  учаске.
  • «Ақтөбе-Мартық-Ресей шекарасы» автожолының 24-99 шақырымында, атап айтқанда Сарыжар ауылы мен Ресей шекарасы аралығындағы учаске.
  • «Ақтөбе-РФ (Орск)» автожолының 39-136 шақырымында, атап айтқанда»  Ш.Қалдаяқов ауылы  мен Ресей шекарасы аралығындағы учаске.

Алматы облысында:

  • «Үшарал-Достық» автожолының 83-184 шақырымында, атап айтқанда Көктума мен Достық станцияларының аралығындағы учаске (аталған учаске реконструкцияланып жатыр).

Шығыс Қазақстан облысында:

  • «Өскемен-Шемонайха-Ресей шекарасы» автожолының 105-123 шақырымында, атап айтқанда Шемонайха қаласы мен Ресей шекарасы аралығындағы учаскеде жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
  • «Алматы-Өскемен» автожолының 778-967 шақырымында, атап айтқанда Аягөз қаласы мен Қалбатау ауылының аралығындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді.
  • «Омбы-Майқапшағай» автожолының 756-906 шақырымында, атап айтқанда  Семей мен Қалбатау ауылының аралығындағы учаске.

Батыс Қазақстан облысында:

  • «Орал-Тасқала-Ресей шекарасы» автожолының 31-104 шақырымында, атап айтқанда  Переметноет ауылы мен Ресей шекарасы аралығындағы учаске.
  • «Самара-Шымкент» автожолының 195-246 шақырымында, атап айтқанда  Ресей шекарасы мен Орал қаласы аралығындағы учаске.
  • «Самара-Шымкент» автожолының 266-392 шақырымында, атап айтқанда Подстепное мен Жымпиты ауылдарының аралығындағы учаскеде тек жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
  • «Самара-Шымкент»  автожолының 394-526 шақырымында, атап айтқанда Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы учаске.

Қарағанды облысында:

  • «Жезқазған-Петропав» автожолының 142-252 шақырымында, атап айтқанда Сарлық ауылы мен Қостанай облысының шекарасы  аралығындағы учаске.
  • «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырымында, атап айтқанда Ақмола облысының шекарасы мен Теміртау аралығындағы учаске.
  • «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1426-1446 шақырымында, Теміртау қаласы — Қарағанды қаласына барар ақылы учаске терминалы.
  • «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1446-1457 шақырымында, Қарағанды қаласы Теміртау қаласына барар ақылы терминал учаскесі.
  • «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1492-1854 шақырымында, атап айтқанда Қарағанды мен Балқаш қалаларының аралығындағы  учаске.

Қостанай облысында:

  • «Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-377 шақырымында, атап айтқанда Қарағанды мен Ақмола облыстарының аралығындағы учаске.
  • «Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 231-503 шақырымында, атап айтқанда Рудный қаласы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы учаске.
  • «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 7-232 шақырымында, атап айтқанда Қостанай қаласы мен Ақмола облысы шекарасы аралығындағы учаске.
  • «Денисовка-Жетіқара-Ресей шекарасы» автожолының 0-161 шақырымында, атап айтқанда  Денисовка ауылы мен Ресей шекарасы аралығындағы учаске.

Павлодар облысында:

  • «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолының 200-254 шақырымында, атап айтқанда Ақмола облысының шекарасы мен Шідерті ауылының аралығындағы учаске.