Сырдария өзеніне көпір салынды

Ұзындығы – 387 метрлік 4 жолақты өткел құрылысын 26 айда аяқтаған мердігер мекеме енді 5 жыл кепілдік міндетін атқарады. Өзен үстінен салынған 9 тіреуішті көпір кемінде бір ғасыр ел игілігіне жарауы тиіс. Келер жылдан бастап дарияның арғы бетіндегі мың жарым гектар аумаққа 11 шағын аудан, 40 балабақша және 20-дан астам мектеп салынады деп жоспарланып отыр. Жоба бойынша, сол жағалауға жүз мыңдай адам қоныстанады.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетовтың айтуынша, көпір құрылысына жегілікті 150 адам жұмыспен тартылып, 80 пайыз отандық өнім материалдары қолданылған. Көпір 180 тонна салмақты көтере алады.

Дереккөз24 Хабар