Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстанда «мобиль құлдық» енді болмайды (Сауалнама)

[yop_poll id=»1″]

Бұрынғы операторда қалған балансты ала көшуге бола ма?

Жоқ. Алдымен балансыңызда қалған қаражатты қайтарып беруін өтініп, бұрынғы операторыңызға жүгіну керек. Тек, Kcell мен Activ арасында көшкен жағдайда ғана балансыңызды ала кетуге мүмкіндік бар.

Мобиль байланыс операторын қаншалықты жиі ауыстыруға болады?

Биылша ұялы байланыс операторлары арасында алпыс күнде бір рет қана көшуге болады. Кейіннен бұл әрекетті ай сайын жасаймын десеңіз де өз еркіңізде. Қызмет — тегін.

Басқа операторға қалай көшемін?

Мобиль байланыс операторын ауыстыру үшін жеке куәлігіңізді алып, көшкіңіз келетін оператордың қызмет көрсету орталығына баруыңыз керек. Көшкіңіз келетінін айтып өтініш жазасыз. Басқа операторға ауыстырғыңыз келетін номер өз атыңызда болуы тиіс екеніне назар аударыңыз. Қызмет көрсету орталығында жаңа SIM-карта аласыз. Номердің өзін көшіруге бірнеше минуттан төрт сағатқа дейін уақыт кетеді.

Кейбір операторлар алдымен өтінішті қабылдағаны, содан кейін номерді көшіргені туралы SMS жіберетіні бар.

Оператор ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына бару міндетті ме?

Басқа операторға көшу үшін өтінішті онлайн беруге болады: Kcell Activ Beeline Tele2 Altel

Сонда да, құжаттарға қол қойып, жаңа SIM-карта алу үшін қызмет көрсету орталығына бір баруға тура келеді.

Біреуге қоңырау шалғанда, оның қай операторда екенін қалай білемін?

Қазір қандай да бір номер қай компанияға тиесілі екенін префиксінен білеміз: «701, 702» — Activ немесе  Kcell; «705» — Beeline; «700» — Altel; «707» — «Теле 2» деп кете береді. «Мобиль құлдықтан» құтылғаннан кейін бұлай болмайды. Клиентке қай оператордың номеріне қоңырау соғып жатқанын хабарлап отыру немесе хабарламау заңда көзделмеген. Әзірге, кейбір компаниялар өз абоненттері арасында басқа операторлардың номеріне қоңырау шалу кезінде шатасып кетуін болдырмау мүмкіндігін қарастырып қойыпты, енді біреулері олай істемейміз деп отыр.

Бір оператордан басқасына көшуіме рұқсат бермей қоюы мүмкін бе?

Номеріңзді көшіруге бес жағдай кедергі болуы мүмкін:

Номер өз атыңызға тіркелмеген болса.

Тексеру кезінде ұялы байланыс қызметіне қарызыңыз бар болса.

Оператор алдында сатып алған абоненттік құрылғы (мысалы: телефон, планшет, т.б.) бойынша шартты міндеттемелеріңіз болса.

Номеріңізді соңғы көшіргелі бері 60 күн өтпесе (биылша ғана).

Құқық қорғау органдарының талап етуімен номерге блок салынған болса.

Мақалаға реакция

26 Пікір

  1. B
    baha 10 жыл бұрын
    Оте дурыс-ак екен, каншалыкты тиимди екенин коре жатармыз!
  2. Қ
    қазақ 10 жыл бұрын
    Мен ешқандай тиімділік көріп тұрған жоқпын. Бәрі далбаса. Тарифтерді арзандату керек. Шешім сол ғана.
    1. Б
      Баке 10 жыл бұрын
      Дурыс айтасыз
  3. Д
    Дәулет 10 жыл бұрын
    Жаңа жыл қарсаңында Activ менің нөмірім өзінен өзі істен шығып қалды. Қызмет көрсету орталығында менің нөмірді қайта рәсімдуін өтініп ақыға 200 тг алынған. Байқап қарасам орталыққа келгендердің басым бөлігі осы проблемамен келген екен. Activ тің бұл қулығын енді түсіндім, демек осы тәртіпке сәйкес біз 60 күнге дейін өз нөмірімізді басқа операторларға ауыстыра алмаймыз
    1. М
      Мен 10 жыл бұрын
      Сонда егер менің нөмірім өз атыма тіркелмеген болса, мен оны тіркетіп артынша басқа операторға ауыстыра алмаймын ба? 60 күн күту керек пе?
  4. Б
    Бек 10 жыл бұрын
    Сонда мысалы мен активтен алтел ге көшсем басы қалай болады сонда 8702 қалама ?жоқ əлде 8708 болып өзгере ме?
    1. M
      Meddi 10 жыл бұрын
      дәл сол номер қалады, ешқандай цифр өзгермейді, тек оператор өзгереді.
    2. A
      Activ 10 жыл бұрын
      Жоқ өзгермейді. Номеріңіз сол күйінде қалады.
  5. Б
    Баке 10 жыл бұрын
    Далбаса гой мынау,миды ашыту.Егер мен 8701-ге актив номер екен деп активтен звондасам,ал ол билайнда болса,менин бирлигим кетпей ма?Бул калай?Одан да тарифти арзандатпай ма?Кимнин кай оператора екенин кайдан билемиз?
    1. A
      Activ 10 жыл бұрын
      Қазір қандай да бір номер қай компанияға тиесілі екенін префиксінен білеміз: «701, 702» — Activ немесе Kcell; «705» — Beeline; «700» — Altel; «707» — «Теле 2» деп кете береді. «Мобиль құлдықтан» құтылғаннан кейін бұлай болмайды. Клиентке қай оператордың номеріне қоңырау соғып жатқанын хабарлап отыру немесе хабарламау заңда көзделмеген. Әзірге, кейбір компаниялар өз абоненттері арасында басқа операторлардың номеріне қоңырау шалу кезінде шатасып кетуін болдырмау мүмкіндігін қарастырып қойыпты, енді біреулері олай істемейміз деп отыр.
  6. М
    Маке 10 жыл бұрын
    Бәкене жауап жазбапты ғой .Менде де сол сұрақ бар.
  7. М
    Маке 10 жыл бұрын
    Бәкене жауап жазбапты ғой. Менде де сол сұрақ бар.
  8. M
    Medet 10 жыл бұрын
    Егер, менiн мобильдi операторым менiн операторды ауыстырам деген шешiмiме карсы болса, кiмге барып шагымданамын?
  9. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    блмимин кайсысы жаксы екен интрнете бари тпой отирк трафтери калан ортасын да дурыс устамайды
  10. Е
    Екон 10 жыл бұрын
    Шағын қалаларда бұндай қызымет түрлері жоқ, номерімді басқа оператырға ауыстыру үшін облысқа барамба?
  11. Г
    Гуфа 10 жыл бұрын
    Өткенде жолдасымның Актив нөмірі өзінен өзі істемей қалды. 200 тг.төлеп қайта жасатты. Бір аптадан кейін менікі де істемей қалды. Әйтеуір, ақша жасаудың амалы
  12. A
    Aiana 10 жыл бұрын
    Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды... Ai kaidam bilmedim ainalaiyndarau sonyn tukkede kajeti jogau dim
  13. D
    Developer 10 жыл бұрын
    AT&T Mobility, LLC болса ауыстырар едим.
  14. Қ
    қанат 10 жыл бұрын
    Теле 2 менің таңдауым
  15. С
    Серік 10 жыл бұрын
    ACTIV жақсы! Бүкіл жақта жақсы ұстайды! Және де қазір Активте Алло Қазақстан ХL тарифі өте тиімді! Айына 3500 тг 30 гб интернет, 1990 минут тегін аласың! Қосылу *166*1*48*1#
  16. С
    Самат 10 жыл бұрын
    Билайнга жетпейди
  17. М
    мухтар 10 жыл бұрын
    Әр нөмір өз ретерімен болғаны друс еді егер басқа апиратырмен қоңырау шалса нөмірлерде қол жеттімдіғой бұларда бір қулық бар сияты оның түк пайдасын көріп тұрғанымыз жоқ тек қур далбаса ғана!
  18. A
    Almas 10 жыл бұрын
    bilmem go barligi auisip jatir rol nomerge. Mende kosilsam degen oim bar. Menin telefonim pinkodka tusip kalgan go endi ne istesem boladi. Baska nomer salsam telefonim pinKod surait .PinKodin kalai ashu ga boladi komektesinizshi magan otinem!!!
  19. A
    Asilbek 10 жыл бұрын
    Маган оте унады рахмет
  20. A
    Asilbek 10 жыл бұрын
    Рахмет
  21. С
    Салта 10 жыл бұрын
    Бул истерининде бир тиымды жагы бар шыгар корейк