Үкіметінің қаулысымен Мейіржан Юсупов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды.
Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Мейіржан Юсупов 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
2001 жылы Таяу Шығыс техникалық университетін «Экономика және басқару» мамандығы бойынша, 2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді, 2007 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы коммерция құрылымдарында бастаған. Кейіннен «Демир Қазақстан Банк» акционерлік қоғамында, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамында жұмыс істеді.
2010 жылдан бастап 2020 жылғы қараша аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамы қазынашылық бастығы, директоры, экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болып жұмыс істеді.
2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.