Мейіржан Юсупов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

2001 жылы Middle East Technical University-ді «Экономика және басқару» мамандығы бойынша, 2004 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономика университетін, 2007 жылы Лондон экономика мектебін, 2015 жылы Гарвард басқару мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы «Туркуаз» компаниялар тобы» АҚ директорының орынбасары лауазымынан бастаған.

Кейіннен «Демир Қазақстан Банк» АҚ-да, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қорында жұмыс істеген. 2010 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ қазынашылық басшысы, экономика және қаржы жөніндегі директоры, бас директоры болып жұмыс істеді.