«Елорда жастары» тұрғынүй бағдарламасының шарттары қандай?

Бұл туралы «Отбасы банкі» акционерлік қоғамы Instagram парақшасында хабарлады.

Құрметті елорданың жас мамандары! Сіздер үшін жақсы жаңалық. «Отбасы банкі» АҚ мен Нұр-Сұлтан әкімдігі арасында «Елорда жастары» жаңа бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беру туралы келісім жасау жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.

Банктің баспасөз қызметі «Елорда жастары» бағдарламасының алғышарттарын жариялады.

  • Несиенің максималды сомасы 13 миллион теңгеге дейін
  • Сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 5%
  • Алғашқы төлем 10%
  • Несиенің максималды мерзімі — 25 жылға дейін
  • Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі
Отбасы банк, Елорда жастары, баспана
Фото: «Отбасы банкі» АҚ баспасөз қызметі

«Отбасы банкі» қазірдің өзінде депозит ашып, армандаған пәтеріңізге ақша жинай бастаңыз деп кеңес берді.

Толығырақ ақпаратты банктің кеңес беру орталықтарынан алуға болады.

Айта кетейік, осыған ұқсас «Отбасы банкі» мен Алматы әкімдігінің бірлескен тұрғынүй бағдарламасы бар. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жас азаматтарға арналған «Алматы жастары» бағдарламасы биыл да жалғасатынын хабарлады.