Бұл туралы ұйым өкілі DR дат телеарнасына айтты, — деп хабарлады Tengrinews.kz порталы «Анадолуға» сілтеме жасап.
Ханс Клюгенің айтуынша, 2021 жыл да коронавирус жылы болады, бірақ жағдай былтырғыға қарағанда қалыпты болады.
Ең жағымсыз сценарий артта қалды. 2020 жылға қарағанда вирус туралы көбірек білеміз, — деді Ханс Клюге.
Алайда ол жеке өз болжамын айтып отырғанын нақтылады, себебі пандемияға байланысты жағдай қандай боларын ешкім дөп басып айта алмайды.
Вирус қалады, бірақ шектеу қажет болмайды деп ойлаймын. Бұл жағымды сценарий, — деді Халықаралық ұйым өкілі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 22 ақпанда әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны — 110 974 862, оның ішінде 2 460 792 адам қайтыс болған. АҚШ, Үндістан мен Бразилияда ауру жұқтырғандар көп.