Ауа райы: Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн суиды

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте күн одан әрі салқындайды.

23-25 ақпан аралығында Қазақстанның солтүстік бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады. Оларды Исландияның суық ауа массалары бар циклон әкеледі, — делінген «Қазгидромет» РМҚ таратқан хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында 20-22 ақпан күндері Қазақстанда жауын-шашын тоқтап, жылы күндер аязға ауысатынын, сонымен бірге оңтүстік өңірлерде де ауа температурасы төмендейтінін хабарлаған едік.