OLIMPKZ букмекер кеңсесінің мүлкі тәркіленді

Бұл туралы Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Алмалы аудандық соты 2021 жылғы 16 ақпанда Алматы прокурорының халықаралық іздестіруге жариялаған букмекерлік қызмет түрімен заңсыз ойын бизнесі, ақша қаражатын шығару және бюджетке салық төлеуден жалтару жөніндегі қылмыс схемасын ұйымдастырған «OLIMPKZ» букмекерлік кеңсесі» жауапкершілік шектеулі серіктестігі басшыларына қатысты үкім шығарылғанға дейін мүлікті тәркілеу туралы өтінішхатын қанағаттандырды, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге қалалық прокуратураның баспасөз қызметі сотта ұйымдасқан қылмыс тобының қатысушылары бұл мүлікті заңсыз жолмен алғаны дәлелденгенгенін хабарлады.