Дональд Трамп видеоүндеу жасады

Бірақ журналистердің айтуынша, Трамп импичмент туралы жаңалыққа пікір білдірмеді. Айта кетейік, мұның алдында АҚШ-тың Өкілдер палатасы Дональд Трампқа импичмент жариялауға байланысты дауыс бергені хабарланған еді.

Дереккөз мәліметінше, Трамп өткен аптада қайғылы оқиғаларға әкелген әрекеттері үшін қандай да бір жауапкершілікті мойнына алудан бас тартып отыр.

Менің шынайы жақтаушыларымның ешқайсы саяси зорлық-зомбылықты қолдай алмайды, бірде-бір жақтаушым құқық қорғау органдарына немесе біздің ұлы америкалық туымызға деген құрметсіздікті қолдай алмайды, менің шынайы жақтаушыларымның ешқайсы өз отандастарын ренжіте алмайды. Сіз осындай әрекет жасасаңыз, сіз біздің қозғалысымызды қолдамайсыз, керісінше оған шабуыл жасайсыз және біздің елге шабуыл жасайсыз, — деді Трамп Ақ үйдің Twitter желісіндегі парақшасында жариялаған видеосында.

Президент Капитолийдегі тәртіпсіздіктерге кінәлілер жауапқа тартылады деп уәде берді.