CNBC мәліметінше,
Илон Маск 2020 жылды 27 миллиард доллармен бастап, топ-50-ге әрең іліккен. Бірақ бір жылда Tesla акциялары бес есе өскен. Шілде айында Маск Уоррен Баффеттен озып, миллиардерлер тізімінде жетінші орынға жайғасты. 2021 жылы Tesla сатылымы көбейе түсті: қаңтарда компания бір жылда жарты миллион автокөлік шығарғаны туралы есеп берді.
Айта кетейік, дүниежүзінің ең бай адамдары туралы Forbes пен Bloomberg рейтингі әлі жаңармады — ол тізім бойынша кәсіпкер әлі де екінші орында.
Маск дүние жүзіндегі ең бай адам атанғаны туралы Twitter желісінде білді. Кәсіпкер оған екі жазба арқылы жауап берген. Бастапқыда: «Қызық» деп, артынша: «Жұмысқа кірісейік» деп қысқа қайырған.