Қорқыныш туралы

Кішкентай кезімде қараңғылықтан қатты қорқатынмын. Кейін ойладым: «Жарайды, қараңғылық дегеніміз — фотондардың 400-700 нанометр қашықтықта көзге көрінбеуі”. Сосын фотондардың жетіспеушілігінен қорқу ақымақтық екенін түсіндім.

03.08.2011/ Bloomberg Risk Takers

Демалыс туралы

Бірінші рет демалыс алғанымда бір апта ішінде екі зымыран жарылды. Олар Orbital Sciences пен Ричард Брэнсонның зымырандары еді. Екінші демалысымда менің зымыраным жарылды. Бұдан алатын сабақ: демалысқа шықпаңыздар.

21.09.2015/ Dr.dk арнасы

Команда туралы

Командадағы ең үздік ойыншы дегеніміз ең көп гол соққан адам ғана емес, сауатты пас шығарып берген ойыншы болуы да мүмкін.

24.10.2014/Массачусетс технологиялық институты 

Өлім туралы

Менің Марста өлгім келеді. Бірақ соққыдан емес, ғаламшардың бетінде.

09.03.2013/ SXSW конференциясы

Болашақ туралы

Бала кезімде зымырандардың макетін жинайтынмын. Бірақ бұл салада жұмыс істеймін деп ойламадым. Оның орынына болашағым қызықты болуы үшін не істеуім керек деген сауал мазалайтын. Менің ойымша, ғарышты игеріп, планеталар мен жұлдыздарды зерттейтін адамның тағдыры мен Жерге байланып, сонымен бірге құрып кетуді күтіп жүрген адам тағдырының арасында үлкен айырмашылық бар.

02.2013/ TED конференциясы

Махаббат туралы

Tesla компаниясының бас директоры болуды ешқашан мақсат етпедім. Жай ғана, өзім колледжде оқып жүргенде көрген электрлі көліктерге қатты қызығатынмын. Ол туралы қызбен кездескен сайын айта беретінмін. Бұның сәтсіз стратегия болғаны анық.

28.11.2016/ Startups арнасы

Бизнестегі қиындықтар туралы

Көптеген ірі компанияларда ойлаудың орнына жұмыс үдерісіне қатты мән береді. Ондай жерлерде сіз өзіңізді үлкен механизмдегі кішкентай бір бұранда сияқты сезінесіз. Шынымды айтсам, бұл жүйе аса ақылды емес, жарытып шығармашылықпен де айналыса алмайтын адамдарға ғана арналған.

21.10.2012/ Wired