Жәнібек Нүпіров Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Еңбек жолын 1999 жылы Астана бойынша Қазынашылық басқармасының төлемдерді реттеу және бақылау бөлімінің аға қазынашысы қызметінен бастады. 2000-2001 жылдары — Астана бойынша Қазынашылық басқармасының жетекші қазынашысы, бас қазынашысы. 2001 жылдан 2006 жыл аралығында Қаржы министрлігінің құрылымында бас маманнан бастап басқарма бастығына дейін түрлі лауазымдарды атқарды.

2006-2007 жылдары — ҚР Статистика агенттігінің Ішкі әкімшілік департаменті директорының орынбасары.  2007-2008 жылдары — ҚР ҚМ Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және әдістемесі департаменті директорының орынбасары.
2008-2010 жылдары — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономикалық саясат және болжау департаменті директорының орынбасары, Корпоративтік даму департаменті директорының орынбасары, директоры.

2010-2013 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құрылымында жұмыс істеді.

2013-2019 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігі бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі.

2019-2021 жылдары — ҚР сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы.