Алматыда студенттер мен оқушыларға қатысты карантин ережесі қалай өзгерді?

2020-2021 оқу жылының екінші семестрінен бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін ерікті негізде кезең-кезеңмен аралас оқытуға рұқсат беріледі, яғни 70 пайыз офлайн, 30 пайыз онлайн режимде, — делінген қаулыда.

Сондай-ақ Жандарбек Бекшин бірінші курс студенттеріне күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және бетперде тағу режимін, тұрғындар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, колледж жатақханаларында бөлмелерді 30 пайызға дейін және ЖОО жатақханаларында 50 пайызға дейін толтыруға рұқсат берді.

Бірқатар жаңашылдық мектептерге де қатысты.

Жалпы білім беретін мектептердің 1-ден 5-ке дейінгі (халықаралық мектептерде — 7), 9 және 11(12) сынып оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін тамақтандыруды отыратын орындардың 30 пайызынан аспайтын жағдайда ұйымдастыру, — делінген қаулыда.

Үшінші тоқсаннан бастап оқушыларды сабақтан тыс уақытта бес адамнан аспайтын топтарда жеке оқытуға рұқсат берілді.

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның деректері бойынша, Алматы облысында оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында COVID-19 320 баладан тіркелген, оның ішінде 20 бала кезекші сыныптарда, 300-і қашықтан оқып жүрген.