Алматыда карантин шектеулері жеңілдейді

Жаңа қаулы бойынша сауда ойын-сауық орталықтарында, қонақүйлерде орналасқан тамақтану орындары 07.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істейді, бірақ шоттар бойынша төлем 23.00-ге дейін жабылуға тиіс.

Базарлар апта бойы жұмыс істей береді, толтырылуы 30%-тен аспауы керек.

Сонымен бірге сауна, СПА-орталықтар, бассейндер қызметіне де рұқсат етіледі.

Мешіттерде жұма намазын өткізуге әлі де болмайды, бірақ бес уақыт намазды оқуға болады, құлшылық етуге 100 адамнан көп келмеуі қажет.

50 адамның қатысуымен мәдениет объектілері, концерт залдары жұмыс істейді.

Жаңа қаулы 15 ақпанда күшіне енеді, құжаттың мәтінін толық мына жерден оқуға болады.