Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният нәресте өлімін азайту бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді.
Ажар Ғинияттың айтуынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша республикада оң динамика байқалады — нәресте өлімі 2019 жылмен салыстырғанда 7,2% азайды.
Сонымен бірге балалар өлімі көрсеткіші 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 16,8% төмендеді.
Ажар Ғиният 2020 жылы бұл көрсеткішті одан әрі азайту үшін аналар денсаулығын жақсарту, перинатал және неонатал көмекті жетілдіру, баланы емшек сүтімен емізуді қолдау қажет екенін айтты.