Үкімет қаулысымен ұлттық экономика вице-министрі ауысты

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан үкіметінің қаулысымен Ермек Алпысов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.

Ермек Алпысбаев.
Ермек Алпысбаев. Фото: Primeminister.kz

Ермек Алпысов 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. Түрлі жылдары коммерция секторында жұмыс істеген. Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласының әкімі қызметтерін атқарған. Президент әкімшілігінде түрлі лауазымдарда болды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.

Үкіметі қаулысымен Әлішер Әбдіқадыров ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.

Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы Алматыда дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Әлішер Әбдіқадыров.
Әлішер Әбдіқадыров. Фото: Primeminister.kz

2009-2015 жылдары Индустрия және сауда министрлігінде, Инвестициялар және даму министрлігінде жұмыс істеді.

2015-2016 жылдары Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2016-2018 жылдары Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасының басшысы болды.

2018-2019 жылдары Астананың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы («Қазақстандық индустрияны дамыту институты») басқарма төрағасы лауазымында болды.

2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.