Президент Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Болат Иманбаев Қазақстанның Армениядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Ол Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстанның Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, — делінген хабарламада.

Президенттің жарлығымен Сергей Нұртаев Қазақстанның Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Сергей Нұртаев Қазақстанның Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстанның Мальтадағы, Сан-Марино Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, — делінген президент жарлығында.

Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстанның Бразилиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Ал Қазақстанның Бразилиядағы елшісі Қайрат Саржанов қызметінен босатылды.

Қайрат Саржанов Қазақстанның Бразилиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстанның Аргентинадағы, Чилидегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, — делінген Ақорда тартқан хабарламада.