Ринат Зайытов лауазымды қызметке тағайындалды

Бұл туралы Алматы мәдениет басқармасы Instagram парақшасында хабарлады.

Бүгін мәдениет басқармасы басшысы Ғани Майлибаев «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұжымына жаңа директор Ринат Рифхатұлы Зайытовты таныстырды, — делінген  мәдениет басқармасы тартқан хабарламада.

Риниат Заитов, Алатау театры
Ринат Зайытов пен Ғани Майлыбаев. Жазба скрині

Айта кетейік, Ринат Зайытов 1983 жылы 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген.

Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледжін драмалық театр актері мамандығы бойынша бітірген. Семей мемлекеттік педагогикалық университетінде филолог мамандығы бойынша білім алған.

Айтысқа 17 жасынан бастап араласқан. Аймақтық, республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы.

Сонымен бірге Аягөз ауданының «Құрметті азаматы». Үйленген, бес баласы бар.