Роман Скляр: Көктемгі су тасқыны маусымына дайындықты бастау керек

Бұл туралы премьер-министрдің ресми ақпарат ресурсы хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомствоның былтырғы қызметі, алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндама жасады.

2020 жылы мамандар 70 мыңнан астам өрт және апаттық-құтқару жұмысын жүргізді, 14 мың адамды құтқарды. Төтенше жағдай аймағынан 19 мың адам эвакуацияланды, — делінген хабарламада.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр халықтың өмір сүру қауіпсіздігіне бағытталған бағдарламаларды уақытылы орындау маңызды екенін айтты.

Роман Скляр сонымен бірге Төтенше жағдайлар министрлігіне қысқы кезеңнің аяқталуын бақылауда ұстауды, көктемгі су тасқыны мен өрт қаупі маусымына дайындықты бастауды тапсырды.

Еске салайық, 2020 жылдың 9 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды.