Мектептерде математика пәніне ерекше назар аударылады

Ведомство басшысының айтуынша, орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылады.

Математика, тілдер және информатика пәндеріне ерекше назар аударылады. Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихы пәндері бойынша бірыңғай оқулықтарды әзірлеу және енгізу үшін тиісті жұмыстар басталды, — деді министр Үкімет отырысында.

Білім және ғылым министрі инфроқұрылым мәселелері әлі күнге өзекті екенін айтты. Сондықтан биыл 200 мектеп салынады.

10 ақпанға дейін әкімдіктермен бірлесіп мектептердің құрылысы бойынша жол картасы бекітіледі. Өңір басшылары тиісті жоспарларды әзірлеп, бір аптаның ішінде министрлікке ұсынуды сұраймын, — деді Асхат Аймағамбетов.

Министр сонымен бірге елімізде сапасыз университеттерді жабу жұмысы жалғасатынын айтқан еді.