Қасым-Жомарт Тоқаев: Мектептердегі білім сапасы нашарлады

Президенттің айтуынша, білім саласына түбегейлі өзгеріс керек.

Бүгінде оқу бағдарламасына жаңа пәндер енгізу жөнінде ұсыныстар өте көп. Кейінгі 10 жылда 9 пән енгізілген. Білім беру — тәжірибе алаңы емес. Мұның бәрі негізгі пәндерге бөлінген сағаттың қысқаруына әкеп соғады. Соның өзінде елімізде оқыту жүктемесі тым жоғары — 67 сағат. Ал Финиляндия мен Оңтүстік Кореяда оқыту жүктемесі 39 сағат, АҚШ-та 55 сағат. Шәкірттерді оқыту мен басқа да дамыту шараларының арасында тепе-теңдік болуы аса маңызды. Әлемдік үдерістерді ескере отырып, математика, тіл меңгеру және информатика секілді пәндерге ерекше басымдық берген жөн, — деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндері бойынша бірыңғай оқулық әзірлеп, оны енгізу керек.

Nur Otan партиясының сайлауалды тұжырымдамасында 2025 жылға дейін жаңа 800 мектеп салу туралы уәде берген. Президент осы жұмысқа шұғыл кірісуді және биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырды.