Басты бетҚоғамТұман, көктайғақ...

Тұман, көктайғақ және шаңды дауыл: 2 ақпанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының мәліметінше, 2 ақпанда елдің батыс аймағында қолайсыз ауа райы сақталады. Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, қөктайғақ болады.

Маңғыстау облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда шаңды дауыл тұрады.

Синоптиктер 2-3 ақпан күндері Қызылорда облысында тұман түседі деп болжап отыр.

Түркістан облысының таулы аудандарында түнде көктайғақ болады. Өңірдің басым бөлігінде тұман түседі.

2 ақпанда Жамбыл облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 23-28 м/с.

Алдағы екі күнде Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі.