Басты бетҚоғамІшкі істер...

Ішкі істер министрлігі «102» мобайл қолданбасын іске қосты

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Министрдің айтуынша, әдетте түрлі оқиғаның куәгерлері ақпаратты полицияға емес, әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялайды, танымал пабликтерге жібереді. Бұл оқиғаларды мамандар әлеуметтік желіні бақылау кезінде анықтайды.

Бұл полиция қызметкерінің құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе қылмысты «ізін суытпай» ашуына пайдаланыланатын қымбат уақытын алады. Сондықтан оқиғалар мен азаматтардың хабарламаларына жедел жауап беруге мүмкіндік беретін арнайы қызмет жасау идеясы пайда болды, — делінген жазбада.

Қолданба арқылы бейне қоңырау шалуға болады. Ол кезде қоңырау шалушының орналасқан жері анықталады. Полицияның жедел басқару орталығындағы операторлар не болып жатқанын көріп, дереу тиісті шаралар қабылдайды.

Сонымен бірге қолданбаның көмегімен полиция қызметкері тарапынан жасалған бопсалау фактісінеіне тап болған жағдайда өзіндік қауіпсіздік қызметіне де жүгінуге болады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жазбасының соңында қазақстандықтарға үндеу жасады.

Егер өзіңіздің немесе өзгенің қауіпсіздігіне, өміріне қауіп төніп тұр деп ойласаңыз, мас адамның рөлге отырғанын көрсеңіз, зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз, жануарларға қатыгездік жасалып жатқанын көрсеңіз, күдікті адамды байқасаңыз, дереу хабарлаңыз, — деді министр.