Синоптиктердің мәліметінше, 1 ақпанда Ақтөбе облысында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысында қалың тұман түседі, көктайғақ болады. Дауылдың ықтималдылығы 90-95%.
Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
1-3 ақпан күндері Қызылорда облысында тұман түсуі мүмкін. Сонымен бірге 1 ақпанда Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында да қалың тұман түседі.