Енді «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталаған 4 663 адам тегін жол жүреді.
Ал 18 жасқа дейінгі мүгедек баласын алып жүретін 1 161 адамға 50% жеңілдік беріледі. Сонымен бірге басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қиымлдарға қатысқан ардагерлер жол жүру ақысына жеңілдік алды.
Мұндай шешімді Алматы әкімдігі VII шақырылымдағы мәслихаттың кезектен тыс II сессиясы кезінде депутаттар бірауыздан қолдады.
Алматыда бұған дейін мына азаматтар қоғамдық көліктерде тегін жүретін. Олар:
- 1941-1945 жылдардағы соғыс ардагерлері мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
- 75 жастан асқан зейнеткерлер;
- I және ІІ топ мүгедектері және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
- 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар.
Ал келесі санаттағы адамдарда 50% жеңілдік бар:
- 15 жастан жоғары жалпы білім беретін мектеп оқушылары;
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, күндізгі оқыту жоғары оқу орындарының студенттері;
- зейнеткерлер.